Қалетаев президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары болды

0
58

Президент әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары болып Дархан Қалетаев тағайындалды деп хабарлады Ақорда сайты. Елдің уақытша президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оны тағайындау туралы жарлыққа 25 наурызда қол қойған.

Қалетаев ақпан айының соңында премьер-министр кеңсесінің басшысы болып тағайындалып, көпшілікке таныстырылған еді. 2018 жылдың шілде айы мен 2019 жылдың ақпан айы аралығында қоғамдық даму министрі болды.

Еңбек жолын 1995 жылы бастаған ол әр жылдары президент әкімшілігінде, «Нұр Отан» партиясында, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында қызмет еткен. 2016 жылдың қазан айында парламент сенатының депутаты болған.

Azattyq