“Қалдыбектің Әнарудың алдында зор-батпан кінәсі бар” — журналист Қалдыбек Құрманәліге қатысты пікір білдірді

0

Журналист Серік Хасенов қоғамда резонанс тудырған Әнарудың әкесі Қалдыбекке қатысты ашық және ащы пікірін Facebook парақшасында білдірді. Ол композитордың қызының алдында үлкен кінәсі бар деп есептейді.

“Әнарудың әкесі туралы көп айтылды… кезінде әкесінің қадірсіз пікірі мен қылығы үшін балаларына тиді деп жатыр… мен бұдан асқан тұрпайы қоғамды көрмесем екем деп тілеймін… ешқашан әкенің де, шешенің де қателігі үшін бала тағдырымен жауап бермеу керек… тағдыры түгіл титтей ақталуғада міндетті емес… ал сондай бумерангқа қол соғу барып тұрған зұлымдық. Өмір расымен бумерангшыл, сондай әділ болса әр адамның жазасын өзіне берсін… өшін барып баласынан алса ол бумеранг емес, әділетсіздік қой…

Бағана Әнарудың бір құрбысының жазғанын оқып қалдым. Оның әнші болғысы келгенін, кезінде тіпті әкесінен көмек сұрап барғанын жазыпты. Әкесі көмектеспейтінін айтыпты…

Мен ойлаймын Қалдыбек деген өресіз адам ғой. Қолында бар дүниені баласына бере алмаған сорлы ғой… соған қызыңыз осындай жағдайға түсіп жатыр, қиналып жатыр көмектеспейсіз ба дегендер болған шығар… Қалдыбек айтқан шығар, өзіненде бар аумаған шешесі ол шешесі сияқты кезінде шешесіде менен жүріс жүріп туған жоқ па оны деп… Қалдыбектің өресі осы ғой… сол құрбысының жазбасында кезінде әкесі көмек қолын созғанда, ол қыздың тағдыры басқаша боларма еді деген күйініш бар… расымен, Қалдыбектің Әнарудың алдында зор-батпан кінәсі бар… тым құрығанда әке боп осындай сәтте жанынан табылып, қорған болмайма… Қалдыбекте бұндай өре қайда бірақ…” — деп жазды отандық журналист.