«Қалаулымға» ұлттық киіммен келген ару көпшілікті таңғалдырды (видео)

0

Отандық бағдарламаның бірінде ұлттық көйлекпен «жар іздеп» келген қыз көпшілікті таңғалдырды деп жазады NUR.KZ.

Бұл туралы Instagram желісіндегі kalaulymshow тобында жарияланған.

Видеодан ұлттық киіммен бағдарламаға келген қызды, оған ризашылығын білдірген көрермендерді байқауға болады.

Тіпті, жүргізушінің өзі таңданысын жасыра алмаған.

Бағдарламаға қатысушы қыз жасы жиырма бесте екенін, сақтандыру компаниясында жұмыс істейтінін айтты.

https://www.instagram.com/p/BtP6FDbB94x/?utm_source=ig_embed

Сондай-ақ, ұлттық киімді не себепті киіп келгенін де түсіндіріп өткен.

«Қазіргі қазақ қыздары, соның ішінде Шырын Нарчаева сәукелені қай жерге кию керектігін білмейді. Оған қазақ халқының бәрі қарсы болды. Сол қызға ұлттық киімді қай жерде киетіндігін көрсетуге келдім», — деді қатысушы қыз.

https://www.instagram.com/p/BtP6jywBfPw/?utm_source=ig_embed

Дереккөз: kaz.nur.kz