Қаламқас мұнай-газ кен орнында ұңғыма жанып жатыр — Қазақстан жаңалықтары
«Қаламқас» мұнай кен орнында, ұңғымалардың бірінде газ жанды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК-ға сілтеме жасап, Stan.kz хабарлайды.
«25 наурыз, сағат 07:10-да Маңғыстау облысындағы ТЖД- кезекші-диспетчерлік қызметіне Маңғыстау ауданындағы өрт жайлы хабарлама түсті. Жоғарыда аталған ауданда, «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ, «Қаламқас» мұнай кен орнында, ұңғымалардың бірінде өрт шыққан. Нақтырақ айтқанда, ұңғымада газ жанып, биіктігі 10 метрді құрайтын жалын атқылап жатты. Оның ауданы 900 шаршы метрді құрады. Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ.
Өртті сөндіруге мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтер «Семсер Өрт сөндіруші» ТЖҚ-сы, «Қаражанбас» ТЖҚ-сы атсалысты. Олардың 14 жұмысшылары мен техниканың төрт бірлігі өртті сөндірді», — деп жазылған хабарламада.
Осыған дейін Қаламқас мұнай кен орнының ұңғымасында штаттан тыс оқиғаның орын алғаны хабарланды. 13 наурыз күні № 8237 ұңғымасының бұрғалануынан газ-су қоспасы атылған еді.
Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасы, Энергетика министрлігі мен Маңғыстау облысының экология департаменті бірігіп, «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ-ға қатысты тексеріс жүргізеді. Тексеріс қорытындысы бойынша, сәйкесінше шаралар қолға алынады және қоршаған ортаға тигізілген кесір ескеріледі.
stan.kz