«Қаламқас» кенішінде өрт сөндіріп жатыр

0

Маңғыстау облысы «Қаламқас» кенішінде шыққан өртті сөндірумен мамандар айналысып жатыр деп хабарлайды 25 наурыз күні төтенше жағдай жөніндегі комитеттің өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

«25 наурыз сағат 7.10-да Маңғыстау облыстық төтенше жағдай жөнінде департаменттің кезекші-диспетчерлік қызметіне «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ тиесілі «Қаламқас» мұнай кенішіндегі ұңғымалардың бірінде 900 шаршы метрлік алаңда он метр биіктікте газ-су қоспасы ашық жанып жатыр деген ақпарат түсті. Зардап шеккендер жайлы дерек жоқ» деді Нұрахметов дүйсенбі күні.

Оның айтуынша, өртті сөндіруге 14 жұмысшы, 4 техника жұмылдырылған. Жергілікті Lada.kz сайты «Қаламқас» кенішіндегі өрт» делінген бірнеше видео жариялаған.

Azattyq