Қалалық полиция депортаментінің ұлының өліміне кінәлі деп табылған дәрігер қорқынышын жеткізді — Қазақстан жаңалықтары

0

Қалалық полиция департаментінің экс-басшысының ұлының өліміне кінәлі деп табылған дәрігер армандары мен өкінішін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап. 

Қалалық полиция депортаментінің ұлының өліміне кінәлі деп табылған дәрігер қорқынышын жеткізді

Алматыдағы 4 қалалық аурухананың бас дәрігері 9 айдан астам уақыт бойы қалалық полиция департаментінің бұрынғы басшысының ұлының өліміне себепкер ретінде жұмысынан шеттетілген. Қазақстанның барлық дәрігерлері әріптестеріне қолдау білдіріп, жақтасқанымен, еш нәтиже бермеген болатын. Бүгінде Қанат Тезекбаевқа қатысты тергеу жұмыстары тоқтатылғанмен, тағылған айып сол күйінде қалған. Еліміздің бас травматологы өзінің нені армандайтыны және не үшін өкінетіні туралы айтып берді.

Қазіргі таңда Қанат Тезекбаев ҚазҰМУ травматология және ортопедия кафедрасының оқытушысы. Шәкірт тәрбиелеп, білікті мамандар дайындауға атсалысып жүр. Дегенмен, өзінің дәрігерлік жұмысын сағынатынын жасырмайды ол. Тіпті кейбір ауыр жағдайларда әріптестеріне көмектесіп тұратыны туралы да жеткізді. 

«Әрине жұмысымды сағынамын. Мен тіпті түсімде ота жасауды армандаймын. Қазіргі күннің өзінде науқастар қоңырау шалып, кеңес сұрап тұрады. Бүгін де көптеген қоңыраулар келіп түсті. Бек Эйр ұшағы қайғылы жағдайға тап болған кезде де, таңертең 8-де маған денсаулық сақтау бөлімінің басшысы қоңырау шалып, ауруханаға шақырды. Мен үшін, 7: 30-дан бастап дәрігерлер науқастардың суреттерін түсіріп жібере бастады. Көп науқас келіп түсетіні де хабарланған болатын», — дейді Қанат Тезекбаев. 

Нурсултан Кудебаев есімді полиция департаментінің экс-басшысының баласының өлімінен кейін, травматологтың да кәсіби жолы басқа арнаға бұрылды. Қанат Тезекбаев алдымызға келген науқасты емдеп шығудан басқа ештеңені ойламаймыз, ол біздің міндетіміз дейді. Сонымен қатар, дәрігер істің әділ шешімін табатынына үмітті. 

«Мен жоғалтудың қаншалықты ауыр екенін, халықтың қайғысын түсінемін. Бірақ біз де науқастың жақсы болып кеткенін қалаймыз, жаман ештеңе болған жоқ. Бәрі жақсы болады деп үміттенемін, менің анестезиолог әріптесім де ақталады деп сенемін», — дейді дәрігер.

Қанат Тезекбаев пен анестезиолог Асқар Тунгушбаевтың үстіне іс қозғалған. Олар дәрігерлік қызметін дұрыс атқармағаны үшін айыпталып отыр. Осы оқиғадан кейін елімідегі заңға қатысты жазаны жеңілдету мәселесі көтерілді. Мемлекет басшысы да осы жөнінде айтып, мәселенің қаралатынын жеткізген. 

Президенттің қылмыстық қудалау практикасын қайта қарау туралы бұйрығы қашан орындалатыны белгісіз. Дәрігерлердің айтуынша медициналық қателіктерге қатысты заң өзгермейтін болса, елде анестезиологтар мен хирургтар сияқты мамандардың тапшылығы туындауы мүмкін. Тіпті қазіргі күннің өзінде еліміздің кейбір аймақтарында дәл осы мамандардың тапшылығы байқалуда.

stan.kz