Қалай ғана ұлттық идеологияға жауапты салада Данилов отыр? — Оңғар Қабден

0

Белгілі журналист Оңғар Қабден өзінің facebook парақшасында Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Александр Даниловтың қызметіне қатысты жазба жариялады деп хабарлайды kznews.kz тілшісі:

Сіз кімсіз Д мырза?

Өткенде ғана осы Фейсбукте жігіттер қоғамдық ұйымдар мен қоғамдық қорлар жұмыс істемейді. “Мемлекеттік-ұлттық идеология жоқ” деп жатыр еді. Айналайындар-ау, қайдағы ұлттық идеология? Осы салаға жауапты Ақпарат және қоғамдық даму министрінің дәл осы бағыттағы кураторы вице-министр Данилов Александр Сергеевич деген дөкей отырса, қандай идеология? Қалай ғана ұлттық идеологияға жауапты салада Данилов отыр? Өзі басшылық ететін сала — жастар саясаты мен отбасы саясаты Қазақстандағы ең қауіпті де күрделі сала екенін Данилов мырза біле ме екен? Дәл осы екі сала еліміздегі күрмеуі шешілмеген ең күрделі сала. Қаңтарда халықты көшеге алып шыққан да осы екі саланың мәселесі болатын.
Өмірбаянына көз жүгіртсек, қолданыс тілі — орыс тілі деп тұр. Бұл дегеніңіз Александр Сергеевич мемлекеттік тілді менсінбейді деген сөз.
Айтпақшы, сол өмірбаянында жекеменшік жастар ұйымдарын басқарғанымен, мемлекеттік қызметте мүлде істемеген екен. Өмірбаянында, қызмет жолында нақтылық жоқ. Жылма-жыл көрсетілмеген. Көпіршік сөздермен толтырып қойыпты. Мұның өзі көңілге түрлі күдікті ой салады? Мемлекеттік қызметке келген уақыты 2022 жыл. 13 қаңтар. Ештеңені естеріңізге түсірмей ме? Сәйкестік пе?
Қаралы қаңтардан кейін мемлекеттік идеологияны қазақша білмейтін отыздағы жігітке кім сеніп тапсырды? “Сәуегей сайт” Егов тіпті 2022 жылдың қараша айынан вице-министр Данилов депті (екінші сурет).
Еговтың өзі танымайтын вице-министр — Сіз кімсіз Д мырза? Артыңызда кім тұр?