Қала халқы жылусыз қалған: Саран әкімі тек сөгіспен құтылып кетті
Қарағанды облысында Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов қалада жылу уақытында берілмегені үшін сөгіс алды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың айтуынша, орталық жылу көзінде сынақтар жүргізілгендіктен Саран қаласы қатты суықта бірнеше күн бойы жылусыз қалған.
Әкіммен бірге Саран қаласының энергетика басқармасының басшысы Тілектес Досаев пен Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Азамат Тайжанов та жауапқа тартылды.
«Өз қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін, атап айтқанда, жылыту маусымына дайындықты жеткіліксіз бақылағаны үшін менің бірінші орынбасарыма ескерту түрінде тәртіптік жаза қолдансын. Саран қаласының әкімі мен энергетика және Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы қатаң сөгіс алады», – деді өңір әкімі.
Бөлекпаев жылумен қамтамасыз етудегі қателер үшін «қатаң баға беріледі» деп уәде берді.
Сөгіс алған Баулықов оған барлық қазандықтардың штаттық режимде жұмыс істейтінін хабарлады.
Қазан айының ортасында Қарағанды облысында суық басталды. Бірақ биыл жаңа орталық жылу көзіне қосуға уәде етілген Саран қаласы жылусыз қалды. Мұның себебі осы уақытта сынақтар жүргізіліп, оның барысында «белгілі бір техникалық ақаулар анықталған. Нәтижесінде билік жылу берудің ескі нұсқасына оралуға мәжбүр болды. Жергілікті қазандықтарды қайта іске қосты.