«Қайырымды іс»: Тоқаев Нұр-Сұлтанда ағаш отырғызды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев бастаған республикалық акция бүкіл облыста өтті, оның аясында миллион ағаш отырғызылмақ

НҰР-СҰЛТАН, 12 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ботаникалық бақта ағаш отырғызып, сенбілікке қатысқан адамдармен әңгімелесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан президенті жалпықалалық сенбілікке қатысты

Сенбі күні еліміздің түкпір-түкпірінде миллион ағаш отырғызу бойынша республикалық акция бастау алды.

«Елімізді көгалдандыру – табиғатты қорғауға қажетті және қайырымды іс. Осы пайдалы шараға атсалысқан барша қатысушыларға алғыс білдіремін. Елордамыз жайлы және жасыл қалаға айналуы керек», — деп жазды президент әлеуметтік желідегі парақшасында.

Шараға премьер-министр Асқар Мамин, үкімет мүшелері, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, спортшылар мен оқушылар қатысты.

Көгалдандыруға арналған сенбілік барысында ботаникалық бақта 300 көшет отырғызылды. Жалпы бүгін елорда көшелері мен саябақтарында 5 мың ағаш егіліп, қала ажарын арттыра түспек.

«Сонымен қатар биыл күзде «Экологиялық сағат» шарасының шеңберінде еліміз бойынша қосымша 1 миллионға жуық көшет егіледі», — деп жазылған ақорданың ресми сайтында.

Мәжіліс депутаттары да сенбілікке қатысып, 130 көшет отырғызды.

Сондай-ақ бұл игі акциядан Дариға Назарбаева бастаған сенат депутаттары да қалыс қалған жоқ.

#Birge #JasylQazaqstan акциясы туралы бұған дейін экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жариялаған болатын.​



sputniknews.kz