Қайтыс болған қыз бес адамның өмірін құтқарып кетті — Қазақстан жаңалықтары
Ұлыбританияда қайтыс болған қыздың ата-анасы оның жүрегін, бауырын, өкпесін, екі бүйрегі мен ұйқы безін науқас балаларға берді. Осылайша олар бес баланың өмірін құтқарды.
Бұл туралы Stan.kz The Mirror басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Элла Тэтчер эпилепсияның сирек кездесетін түрі — Драве синдромына шалдыққан. 10 жасар қыздың ата-анасы оның жазылып кететінінен үмітті болды. Себебі оның жағдайы біртіндеп жақсарып келе жатты.
Алайда 2018 жылы Элланың ұстамасы ұстап, ауруханаға түсті. Ол белгілі бір уақытта тыныс ала алмай қалды. Дәрігерлер қызды құтқарып қалғанымен, көп ұзамай ата-анасына жайсыз хабарды жеткізді.
Элланың миы ісіп, қызметін біржола тоқтатқан.
«Оған көмектесе алмайтынымызды түсінгенде донорлық туралы ойландық. Элланың арқасында бес бірдей отбасы жаназаның не екенін көрмейтін болды», — дейді марқұмның анасы Анна.
Ол аурудың кесірінен балаларынан айырылған ата-аналарды осы тұрғыда ойлануға шақырды.
«Бұл сіздің балаңызды кері қайтармайды, есесіне біреудің өмірін құтқарды деген ой аз да болса жеңілдетеді», — дейді әйел.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz