Қайта қаржыландыру дегеніміз не және ол қай кезде қажет — Қазақстан жаңалықтары

0

Қайта қаржыландыру дегеніміз – банкке қарызды өтеу үшін жаңа несие алу. Мұны өзіңіз несие алып отырған банкте де жүзеге асыра аласыз. Алайда банктер әрдайым мұндайға бармай, кейде өтінішіңізден бас тартуы мүмкін. Сол себепті көп жағдайда қайта қаржыландыру қызметін алу үшін басқа банктің көмегіне жүгінген жөн. Назарларыңызға қайта қаржыландыруды ұтымды жүзеге асыруға көмектесетін кеңестер ұсынамыз. 

банк

Қайта несиелеу ай сайынғы төлемді немесе несие мерзімін азайту үшін жасалады. Мұны несиелер арзандаған кезде жасаудың пайдасы мол. Егер қандай да бір несиеңіз болса, онда оны қайта есептетіп, қайта қаржыландыру қажет-қажет еместігін анықтаңыз. Егер несие сомасы үлкен болса, әсіресе, ипотека кезінде бұл бюджетіңізге деген ауыртпалықты айтарлықтай жеңілдетеді. Егер мұның алдындағы несиелеріңізді кешіктіріп төлеп, осы үшін айыппұл төлеген болсаңыз, банк несиеңізді қайта қаржыландырмайды. 

Қайта қаржыландыру дегеніміз – қайырымдылық емес. Банкке өз талабына сай несиелерді қайта қаржыландыру тиімді. Банк, алдымен, клиенттің несиесін өтеп береді, әрі қарай жаңа проценттер алу арқылы табыс табады. Сондай-ақ, бұл адал клиент. Ол алдағы уақытта осы несиесін қаржыландырған банктің қызметтерін пайдалануы мүмкін. 

Бастамас бұрын ВТБ (Қазақстан) Банкінің қайта қаржыландыру туралы ұтымды шарттарына тоқталайық:

Қазір ВТБ (Қазақстан) Банкінде басқа банктен алған несиелерді 15%-дық сыйақы мөлшерлемесінен бастап (Жылдық сыйақының ұтымды мөлшерлемесі 16%-дан басталады) 5 000 000 теңгеге дейін қайта қаржыландыруға болады. Сондай-ақ, егер салымшы берешегін уақытылы кешіктірмей төлеп отырса, банк оған сыйақы мөлшерінің 9%-ын қайтарады. 

Қосымша мәлімет пен ВТБ (Қазақстан) банкінің басқа өнімдері мен қызметтері туралы ақпаратты кез келген ұялы телефоннан 5050 нөміріне хабарласып немесе банк сайтында онлайн сұратым қалдыру арқылы ала аласыз. 

Несиені қайта қаржыландыру үшін не істеу керек?

1. Өзіңіздің несиеңізге қатысты барлық ақпаратты анықтаңыз

Несиеңізді қанша пайызбен алған едіңіз? Жалпы сомасы қанша және қалған мерзімде қанша төлеуіңіз қажет? Несие келісімшартын қараңыз – ол сізде бір жерде сақталған болуы мүмкін. Ол жерде сіздің пайыздық мөлшерлемеңіз, ай сайынғы төлем мен пайызға сәйкес, үстінен төлейтін жалпы соманың қанша екені көрсетілуі тиіс. 

Банк берген қағазда ай сайын қанша сома төлеуіңіз керек екені көрсетілген кесте бар. Көп жағдайда алғашқы жылдары пайыз көбірек болады. Алдағы уақытта осы несие бойынша қанша төлейтініңізді есептеп көріңіз. Бұл үшін несие бойынша қанша пайыз ақша төлеп үлгергеніңізді қарап, осы соманы үстінен төлейтін жалпы сомадан алып тастау керек. 

Төлем сомасы мен мерзімі туралы ақпаратты банкке хабарласу арқылы немесе интернет-банкингте біле аласыз. Сақтандыруды ескере отырып несие бойынша шығындарды да есептеңіз. Егер сіз шот жүргізгенге, несие төлейтін карта қызметіне ақша төлейтін болсаңыз, оларды да қосуды ұмытпаңыз. 

2. Банктердің лайық ұсынсын табыңыз

Бір емес, бірнеше банктің ұсынысын қарастырып көріңіз. Сондай-ақ, олардың жекеменшік клиенттермен жұмыс істеуге лицензиясы барына көз жеткізіңіз. Қазір «қайта қаржыландыру» қызметі несие секілді кеңінен қолданыста. Әртүрлі банктің ұсынысын қарастырып көргеннен кейін олардың ішінен өзіңізге лайығын таңдаңыз. 

Банкте сома мен мерзімге байланысты шектеу болатынына назар аударыңыз. Мысалы, бір банкпен келісімшарт жасасқаннан кейін, келесі күні басқа банкке барып қайта қаржыландыру қызметіне жүгінуге болмайды – әдетте банк ережесіне сай бұл екеуінің арасында белгілі бір мерзім өтуі тиіс.

Сондай-ақ, бірнеше аптадан кейін несиенің мерзімі бітетін болса, қайта қаржыландырумен банк айналыса қоймайды. Сондай-ақ, қайта қаржыландыру үшін бекітілген минимум және максимум сома болады. Яғни несиенің де жалпы сомасы ескеріледі. 

3. Төлемдердің қалай төленетінін ескеріңіз 

Өзіңізге ұнаған ұсынысты таңдағаннан кейін ай сайынғы төлем мөлшері мен үстінен төленетін ақшаның қалай өзгеретінін ескеріңіз. Сақтандыру секілді қосымша шығындарды да қосуды ұмытпаңыз. 

4. Сізді тағы қандай шығын күтенін де анықтауға тырысыңыз 

Қайта қаржыландыру кезінде соңғы мөлшерлеме сайтта немесе жарнамада көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін екенін ескеріңіз. Пайыз жағдайға байланысты әртүрлі болып өзгереді. Егер сіз табысыңызды банк формасы бойынша растатсаңыз, мөлшерлеме өсуі мүмкін. Нәтижесінде жарнамада көрсетілген 10% мөлшерлеме 15% өзгереді. 

Бұдан бөлек ипотеканы қайта қаржыландыратын болсаңыз, оны қайта рәсімдеуге ақша жұмсауыңызға тура келеді: мүлікті қайта бағалатып, нотариус пен сақтандыру қызметіне төлейсіз. Кейде банктер сол кездегі сақтандыруды қалдырады. Автонесие шартына сәйкес, автомобиль банкте кепілдікте тұрған болса, оны қайта рәсімдетуге тура келеді – бұл да ақша. Келісімшартта екі мөлшерлеме болуы мүмкін: айтарлықтай жоғары – көлікті немесе пәтерді жаңа банкке несиеге бергенге дейін, айтарлықтай төмен – кепілді қайта рәсімдеу. 

5. Банкке өтініш жазыңыз

Барлығын есептеп, үнемдейтініңізге көзіңіз жетсе, нақты есептеу үшін ұсынысы ұнаған банктің көмегіне жүгініңіз. Қайта қаржыландыру дегеніміз – бұл жаңа несие алғанмен бірдей, бірақ банк салымшыға стандартты талаптар қояды: несиені төлеп жүрген кезіндегі жасын анықтау, жұмыс өтілі мен ресми жұмыс істеп жүрген уақытын білу. 

Стандартты құжаттар пакеті қажет болады: анкета-өтініш, жеке куәлік, төлем жасай алатыныңызды растайтын құжаттар, еңбек кітапшасы, сондай-ақ, бар несие бойынша келісімшарт пен төлем кестесі. Егер сізге барлық шарт ұнаса, құжаттарды тапсырыңыз. Олардың барлығы да дұрыс болса, банк қайта қаржыландыруды растайды және ай сайынғы төлем көлемін азайтып береді. 

Банкке құжат тапсырып, сома есептеліп болғаннан кейін келісімге қол қоюға асықпаңыз. Заң бойынша тағы салыстырып, ойлануға 5 күніңіз бар — бұл уақыт ішінде шарттар өзгеріп кетпейді. Бірақ қайта қаржыландыру ипотекаға қатысты болса, ойлануға мұндай уақыт берілмейді. Кейде банктің өзі ерікті түрде ғана ойлануға уақыт беруі мүмкін. 

Назар аударыңыз

  • Бірден бірнеше несиені қайта қаржыландыруға болады. Мысалы, сіз үш банкке үш түрлі мерзімде қарызыңызды төлеп жүрген болсаңыз, оларды біріктіруге болады. Осылайша айына бір банкке бір рет қана төлем жасайсыз. Сондай-ақ, бұл сома әлдеқайда аз болуы мүмкін;
  • Ипотекаңызды қайта қаржыландырғыңыз келсе, оны рәсімдеген банкте «төлемді төмендету» қызметі бар-жоғын анықтап көріңіз. Бұл — қайта қаржыландыру емес, мөлшерлемені төмендету ғана. Аталған қызметтің басты айырмашылығы – қайта қаржыландыруға қарағанда рәсімдеу процесі жеңіл: ресмилік пен шығын аз болады, пәтерді қайта бағалау қажет емес. Мөлшерлемені бір ғана өтінішпен төмендетеді және мұны бірнеше рет жасауға болады. Мысалы, өткен жылы банк сізге мөлшерлемені төмендетті делік. Ал несиелер арзандап үлгермеді. Сол себепті сіз осы жылы тағы да бір рет төмендетуге өтініш жазуыңызға болады;
  • Кей жағдайда банктер адамдарға қайта қаржыландырудың жарты сомасын қолма-қол беріп, кез келген мақсатта жұмсауды ұсынады. Мұндайда қайта қаржыландырудан кейін төлем сол күйі қалады. Бұл сізге керек пе? Кейде пайдасы да тиіп қалуы мүмкін. Мысалы, көптен бері үйді жөндеу жұмыстарына несие алуды жоспарлап жүрген боларсыз. Бірақ бюджетіңізге түсетін ауыртпалықты азайтамын деп жүріп ақшаны басқа жаққа құртып, қарызыңызды көбейте түскен қаншалықты дұрыс? Мұның орнына төлем сомасын азайтқан дұрыс шығар. 

stan.kz