«Қайсар» «Астанаға» есе жіберді

0

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 7-турында «Астана» «Қайсардан» басым түсті, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Аталған турды Қызылордада жергілікті «Қайсар» мен елордалық «Астана» қорытындылады.

Кездесу барысында елордалық командадан Жарко Томашевич 53-минутта гол соқты. Оған 78-минутта алаң иелері сапынан Жоао Оливейра бір голмен жауап қайырды.

Кездесудің 82-минутында елордалық командадан Абат Айымбетов жеңіс голын соқты.

Осылайша «Астана» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.

Еске салсақ, 22 сәуірде «Мақтарал» өз алаңында «Жетісудан» жеңіліп қалса , «Қызылжар» мен «Каспий» 1:1 есебімен тең ойнады.

Ал 23 сәуірде «Оқжетпес» пен «Шахтер», «Тобыл» мен «Ақтөбе», «Қайрат» пен «Ордабасы» тең нәтижеге қанағат білдірсе, «Атырау» өз алаңында «Ақсуды» 2:1 есебімен жеңді.

Ал сегізінші тур ойындары 6 және 7 мамыр күндеріне белгіленген.