«Қайраттың еңбегімен келген дүние»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылып қалған Жұлдыз Әбдікәрімованың ісіне қатысты пікір білдірді

0

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова алаяқтарға алданып, үйінен айырылған Жұлдыз Әбдікәрімоваға қолдау білдірді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айта кетейік, продюсердің ұлы Қайрат Нұртас су жаңа көлігінің видеосын Instagram парақшасында жариялаған еді. Бейнежазбадан Қайрат Нұртастың BMW маркалы көлік алғанын көруге болады. Алайда әншінің іс-әрекетін халық сынап, төрт баласының анасы, актриса Жұлдызға көмектесу керегін айтты.

“Үйін де алып беретін өзі, бағатын да өзі. Алып берілген үй алаяққа кетсе, Жұлдыз да қарап отырған жоқ. Жас емес, ретін іздеп, қайтарып алуға тырысып жатыр. Оған сенің тұмсығың қисаймасын. Ол да өз қатесін жөндеп көрсін. Бәрі де – Қайраттың еңбегімен келген дүние. Сен алып бермейсің ғой, түбі реттейтін де сол бір Қайрат. Көрсін соңына дейін барып, болмаса қарап қалмас”, – деп жауап берді продюсер.

Еске салайық, Жұлдыз Әбдікәрімова Астанадағы төрт бөлмелі пәтеріне қатысты апелляциялық сотта жеңіліп қалған еді.

Бұған дейін, актрисаның құрылыс компаниясынан сатып алған үйдің құны шамамен 170 миллион теңге екені айтылды.