Қайрат Сатыбалдыұлының туысына іздеу жарияланды
Антикор Байсеитовтің Қайрат Сатыбалдыұлымен туыстық байланыста болып, «Iri building»ЖШС бақылауындағы компанияның қызметіне лоббизм жасағанын анықтады. «Қаратау» ЖШС кәсіпорны мен квазимемлекеттік сектор субъектісі 2019 жылы «Қаратау» кеніші бойынша 6,2 млрд. теңге сомасына құрылыс жұмыстарына шарт жасасқан. Бұл туралы Zakon.kz телеграм арнасы- хабарлады.
Байсеитов «Iri building» ЖШС басшылық етіп, нысанды салуға түсетін ақшаны бөліп отырған. Бұл ретте жабдықтың бір бөлігі жеткізілмей, қаражат ұрланған.
Мемлекетке келтірілген залал 320 млн теңгеден асты. Ол «сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету» бабы бойынша айыпталмақ. Ер адамға іздеу жарияланды.
Ол туралы ақпарат үшін сыйақы қарастырылған.
Фото: zakon.kz