Қайрат Сатыбалдыұлы 2 айға қамалды

0

Бүгін, 15 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректерін жария етуге жол берілмейді.

Еске салайық, 13 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақтелеком» АҚ-ның лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын хабарлаған болатын. Бұл қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Антикор басшысы Олжас Бектеновтің айтуынша, «Қазақтелекомдағы» ісі бойынша миллиардтаған қаржы жымқырылған.