Қайрат Сатыбалдының ұлы басқаратын компания жол құрылысы кезінде 43,4 млрд теңге жымқырған

0

Жол құрылысы кезінде мемлекеттен 43,4 млрд теңге ұрланған, — деп хабарлайды Protenge.kz телеграм-арнасы.

Бас прокуратура жолдарды дамытуға ақша бөлетін мемлекеттік компаниялар мен мемлекеттік органдарды тексергенін айтты. Прокурорлар тек жол салу кезінде 43,4 млрд теңге ұрланғанын ерекше атап өтті. Бұл ақшаның барлығы дерлік «ҚазГерСтрой» ЖШС қалтасына түскен.

«ҚазГерСтрой» компаниясына екі адам иелік ететіні белгілі болды. Оның бірі — Нұрсұлтан Бауыржан Қайратұлы.Ол — Қайрат Сатыбалды мен Гүлмира Сатыбалдының ұлы. Ал Қайрат Сатыбалды — Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені. 

фото: liter.kz