Қайрат Құдайбергеннің ұлы: «Әке, мен сенің жүзіңді ұмытып қалдым». Кәсіпкер желіге хат жариялады

0
1253

Инстаграм парақшасында Қайрат Құдайберген жүрекжарды жазбасын жариялады. Темір торға тоғытылған кәсіпкер ұлы Қасымхан туралы, оның түрмедегі әкесіне айтқан сөзі туралы әңгіме етті.

«Өмірде «Сен өмірде ештеңеге жете алмайсың!» деген ауыр сөздерді талай рет естідім.  мұғалім мен ҰБТ-дағы қабылдау комиссиясы «сен өту баллын жинамадың…» десе,  2008 жылғы дағдарыста банкирім маған «сен банкротсың» деді, «Сенің досың енді арамызда жоқ», — деді жақын адамының анасы Менің өмірімде мұндай сөздер көп болды.  Бірақ мен ең қиын сөздерді темір тордың арғы жағынан аз уақытқа ғана көрген 5 жасар ұлым Қасымханның аузынан естідім. сол кезде тергеушілер мені 30-шы күні қолыма кісен салып алып келді… Оның сөздері әлі күнге дейін есімде, құлағымда және жүрегімде қалды.

«Әке, мен сіздің жүзіңізді ұмытып қалдым.  Мен сізді көптен бері көрмедім…», — деді ұлым.

Біздің мемлекетімізде орын алатын ең ұят нәрсе — КӘНІСІЗ АДАМДЫ түрмеге жабу, сосын қысым көрсету үшін оның балалары мен әйелімен кездесуіне рұқсат етпеу.  Бірақ форманы абыроймен киіп жүргендер де бар. Бүгін маған керегі тек ӘДІЛЕТ!!!
2-маусымда Қасымхан 6 жасқа толады, мен оны біздің әділетсіз жүйеміздің кесірінен көре алмаймын, тіпті құттықтауым да екіталай…

24.05.2022 жыл. Қайрат Құдайбергеннен хат»