Қайрат Сатыбалдының «тоқалы» Мәскеудегі қымбат пәтерінен айрылды

0

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалданың ресейлік «әйелі» Мәскеудегі қымбат пәтерін айрылып қалды, деп жазады Sn.kz «Выход к морю» телеграм каналына сілтеме жасап.

“Выход к морю” телеграм арнасы

Қазақстан билігі экс-президент Назарбаевтың тергеуге алынған туыстарының ғана емес, олардың жақын адамдарының да мүлкін тәркілеп жатқаны барлығына белгілі.

Өткен жылдың қараша айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жариялаған видеода мемлекет пайдасына тәркілеуге қол жеткізген «заңсыз алынған» активтер тізімі берілген. Олардың ішінде Мәскеудегі элиталық «Золотые ключи» тұрғын үй кешеніндегі №25 пәтер де бар.  Аумағы — 272 шаршы метр, нарықтағы құны шамамен 1 млрд теңгені құрайтын бұл — пәтер Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бейресми әйелдерінің бірі, Қалмақ елінің тумасы Марселаға (шын тегі Александрова, басқа тегі Мартиросян) тиесілі болған.

Ол сол кезде уақытша тергеу изоляторында болып, үкімін күтіп отырған Сатыбалдының туыстарымен видеоқоңырау арқылы сұхбаттасушылардың бірі болды. Артынша бұл әңгіменің жазбасы желіде пайда болды. Ресейлік деректер базасынан тарап кетуі арқасында Марсела туралы тың деректер шықты.

Марсела Александровна кім?

Марсела Александровна 1987 жылы 26 қарашада Қалмақияның Городовиковск қаласында (10 мыңнан аз тұрғыны бар қала) дүниеге келген. Ол біраз уақыт Ставропольде тұрып, артынша Мәскеуге қоныс аударған.

Марсела Александрова-Мартиросян-Нұрсұлтанның бір адам екенін қарапайым сақтандыру нөмірімен, салық төлеушінің нөмірімен және ресейлік төлқұжаттарды өзгерту туралы деректермен дәлелдеуге болады. Туған жері мен Мәскеудегі тіркеуі де сәйкес келеді. 2019 жылы Александрова мен Мартиросян алдымен екі Mercedes GLA 250 және Toyota Corolla көлігін алды, ал бір жылдан кейін Марселаға Нұрсұлтан тегі бар жаңа төлқұжат берілген. Қазақстан билігі басып алған пәтердің иесі 2019 жылы 50 мың рубль жалақы алатын бұрынғы шаштараз Марсела Нұрсұлтан болды.

2022 жылдың қыркүйегінде Астана соты Қайрат Сатыбалдыға ірі ұрлық жасағаны үшін мүлкін тәркілеп, 10 жылға мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салып, алты жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған. Сот барысында Сатыбалдының зардап шеккен тарап болған «Қазақтелеком» және «Көлікке қызмет көрсету орталығы» компанияларына келтірілген шығынды өтеу ретінде ондаған миллиард теңге төлегені айтылды. Тараптар медиациялық келісімге келді. Енді оған қатысты қылмыстық кірістерді жылыстату фактісі бойынша тағы бір қылмыстық іс тергеліп жатыр. Онда Назарбаевтың жиені тағы жеті жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Активтерді номиналды иелеріне беру немесе Марселаның Мәскеудегі пәтері сияқты жақындарына жасалған қымбат сыйлықтар олардың қауіпсіздігіне кепілдік бере алмайтыны анық. Ағымдағы жылдың қаңтар айының басында «Антикор» 650 миллиард теңгенің мүлкі (жылжымайтын мүлік, депозиттер, инвестициялар және зергерлік бұйымдар) тәркіленгені туралы хабарлады, деп жазады Bugin.kz.

ақпарат: Sn.kz

фото: Sputnik / Болат Шайхинов