Домой Жаңалықтар Қайрат Сатыбалдының әйелінің былығы әшкереленді

Қайрат Сатыбалдының әйелінің былығы әшкереленді

0
52

Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды қазір тергеу изоляторында отыр. Оған екі рейдерлік эпизод бойынша айып тағылған. Екеуінің де Баян Мақсатқызының күйеуіне қатысы бар деп, — хабарлайды Kznews.kz жаңалықтар порталы nege.kz  сайтына сілтеме жасап

Айта кетсек, Тұрсын Алакөзов «Galanz Bottlers» АҚ-ындағы 43,5 пайыздық үлесін қайта жазуға мәжбүр болғанын айтып, полицияға арызданған. Ол өз акциясын 35 млрд теңгеге бағалап отыр.

«Maxi Bottlers» ЖШС-нің бұрынғы иесі Айгүл Мәкішева да арыз жазған. Айтуынша, Сатыбалды әулеті оның 40 млн теңгеге бағаланатын кәсіпорнын тартып алған.

Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 249-бабы бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Енді күдікті Қайрат, Гүлмира Сатыбалдылар 7 жылға сотталып, мүліктері де тәркіленуі мүмкін.

(Фото tengrinews.kz сайтынан алынды)