Қайрат Сатыбалды «Қазақтелекомның» мемлекетке өтіп кеткен үлесін қайтара алмайды

0
278

Қайрат Сатыбалды «Қазақтелекомның» мемлекетке берілген үлесін қайтара алмайды. Миллардтардың осы келісімшартына қатысты әділет министрі пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап. 

Ұлттық байланыс операторының 28,8 пайыз акциясын үкімет мемлекет меншігіне қайтарған еді. Негізі акция екі жеке компанияның үлесінде болған. Екеуінің де иесі – 51 жастағы кәсіпкер Қайрат Сатыбалды.

Бүгінде ол «Қазақтелеком» компаниясының қаражатын аса ірі көлемде жымқырды және лауазым қызметін асыра пайдаланды деген күдікпен тергеу изоляторында отыр. Компанияның акцияларына қатысты әділет министрі түсіндірді.

«Мемлекеттік мүлік туралы» заңға сәйкес, ол сыйға тарту шарттары бойынша сатып алынады. Бұл заңмен қарастырылған нысан. Сыйға тарту шарты бойынша мәміле заңда белгіленген тәртіппен ресімделеді, нотариалды түрде куәландырылады. Барлық талап сақталады. Сондықтан мұндай мәміле ертең дау тудыруы мүмкін және қандай да бір сәтте келісімшарт бұзылады деп айтуға негіз жоқ. Мен де сенімдімін”, – дейді әділет министрі Қанат Мусин.

Еске салайық, осы қарсаңда Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі ұсталғаны белгілі болды. Гүлмира Сатыбалды және басқа да адамдар бизнесті басып алды деген күдікке ілінді.

Қайрат Сатыбалдыұлының өзі 13 наурызда «Қазақтелекомның» қаржысын жымқырды деген айыппен ұсталған болатын.