Қайрат Құдайбергенов рақымшылыққа іліне ме – Бас прокуратура жауабы

0
88
Коллаж Ulysmedia.kz

Сенат отырысында бүгін Қаңтар оқиғасына қатысты азаматтарға рақымшылық жасау жөніндегі заң жобасы қаралды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

Отырысқа Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев те келген. Кулуарда журналистер одан «Дикий Арман мен Қайрат Құдайбергенов рақымшылыққа іліне ме?» деп сұрады.

«Бізде тәртіпсіздікті ұйымдастырды деген айыппен 20 адамның қылмысы сараланды. Жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар рақымшылыққа ілінбейді. Тек қатысушылар ғана жатады. Бізде Қаңтар оқиғасында қылмыс жасағандардың басым бөлігі – кәдімгі қатысқандар. Олар 700-дей адам. Олардың бәрі рақымшылыққа жатады. Ал оған (Қайрат Құдайбергеновке – авт.) сондай айып (ұйымдастырушы ретінде) айып тағылып отыр», — деді Шындалиев.