Қайрат Құдайбергенов Борат жайлы: Министрліктің қолынан түк келмейді, не сотқа бере алмайсыңдар, не намысты қорғай алмайсыңдар

0
589
Advertisement

Қазақстандық кәсіпкер Қайрат Құдайбергенов Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің жұмысына көңілі толмайды. Елдің намысын қорғауды білмейді деп налыды. Кәсіпкер атышулы Бораттың әрекетіне байланысты шара қолданбаған министрлікке қарсы шықты.

«Сорлысың сен, Саша Барон Коэн. Ал біздің сыртқы істер министрлігі жоғары лауазымды шенеуніктерді күтіп алудан басқаны білмейтін түкке тұрғысы ұйым. Қолдарыңда боқ та келмейді, сыртқы істер министрлігі. Не сотқа бере алмайсыңдар, не көк байрағымыздың намысын қорғай алмайсыңдар! Желіде @sachabaroncohen мынаны белгілеп, ағылшын тілінде айтқыларыңыз келгеннің бәрін жазыңыздар», – деп жазды алматылық кәсіпкер Қайрат Құдайберген.

Одан өзге тележүргізуші Дина Төлепберген мен Мұхамеджан Тазабеков ойын білдіре кетті. Олар Қазақстан үкіметі Бораттың соңғы әрекетінен соң қандай да бір шара қолданады деген сенімде.

«Мынау енді шектен шығу. Ұлттық символды қорлау. Бүгін Аустралияда Бораттың тас мүсіні орнатылып, оны қолдаушылардың флешмобы өтті. Би билеген еркектерде шаруам жоқ, бірақ Туымызды ұстауға олардың құқы жоқ. Лондонда Бораттың үрленген қуыршағының жанында да жалауымыз желбіреп тұрды. Сыртқы істер министрінің шара қолдануын талап етемін», – деп жазды Дина Төлепберген.

«Бір-бірін шұқылап, жағаласып жүрген жұртта айбын бола ма? Туыңды қорлап, тұнығыңды лайлап жатыр. Ресми орындар, құзырлы мекемелер шара қолданып, қайран жасайды деп ойлаймын. Елдігіміз кетіп, еңсеміз түспесе екен», – деп жазды Мұхамеджан Тазабеков.

Айта кетейік, күні кеше Австралия мен Ұлыбританияда жалаңаш күйде Қазақстанның туын көтерген «Бораттар» флешмоб өткізді. Бұл онысыз да ызалы халықтың ашуын келтірді. Желі қолданушылары мен қоғам белсенділері Боратқа қатысты шара қолдануды талап ете бастады. Алматыда «Борат-2» фильміне қарсы жастар АҚШ-тың елшілігіне петиция табыстады.

stan.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз