Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

0

Алматы қалалық соты мәслихат депутаты, белгілі кәсіпкер Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін ұзартты, деп жазады kznews.kz сайты «Казахстанская правда» басылымына сілтеме жасап.

«Алматы қаласы тергеу сотының қаулысына сәйкес 17 маусымда күдіктіні қамауда ұстау мерзімін үш айға дейін ұзарту туралы шағым қанағаттандырылды», — делінген соттың баспасөз қызметіндегілер ұсынған ақпаратта.

Айта кетейік, Қайрат Құдайберген 22 сәуірде қамауға алынған еді. Кейін қамауда ұстау мерзімі 21 маусымға дейін ұзартылған.