Қайрат Нұртастың мониторингтік топтан қашқан сәті видеоға түсіп қалды

0

Карантин ережесін сақтамаған жұлдызды қонақ Қайрат Нұртастың мониторингтік топтан қашқан сәті видеоға түсіп қалған.

Оқиға Медеу ауданында болған. Қаладағы барлық тексерушілер аяғынан тік тұрып, есікті ұзақ уақыт ашпаған мейрамхананы 3 сағат қоршауда ұстады. Телеарна тілшісінің айтуынша, бір қарағанда мейрамхана жабық сияқты. Терезелерін жарық көрінбейтін етіп қараңғылап тастаған. Бірақ сыртта көлік көп. Біреуінің иесі, темір тұлпарын қалай болса солай қоя салған. Жол ережесі өрескел бұзылғандықтан, мамандар эвакуатор шақыртып, көлікті алдыртып тастады.