Қайрат Нұртастың «басы» 120 мың теңгеге сатылып жатыр – Қазақстан жаңалықтары

0
102

Қазақстандық интернет-сайттардың бірінде «Қайрат Нұртас» қуыршақ сатылымға қойылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тұтынушылар арасында айтарлықтай танымал Satu.kz алып-сату сайтында Қайрат Нұртасқа ұқсатылып жасалған қуыршақтың басы сайтта 120 мың теңге деп бағаланған, сондай-ақ қосымша ақы төлеп толық костюмді сатып алуға болады.

Жарнаманың авторы әншінің «басы» гипспен араластырылған қағаз массасынан жасалғанын, ал шаштары жасанды теріден екенін жазған. Қуыршақ тапсырысқа жасалатынын да жазып өткен.

stan.kz