Қайрат Нұртастың әйелі кино түсірмек

0

НТК телеарнасының “Ревю” бағдарламасына сұхбат берген Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова кино түсіруді қолға алуға ниет етіп отыр. Журналистерге жоспарымен бөлінген Жұлдыз әзірге кинотуындыны таспалау бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты.  

“Алда жоспар бар өзімнің кинотуындымды шығарсам ба деген. Қазір келісім жүріп жатыр, оны әзірге айтпай-ақ қояйын.  Бірақ сіздерге айтып қойдым ғой. Қолға алған кезде, сіздерге бірінші болып айтатын болам.  Бағыты әзірге белгісіз”, – дейді ол. 

Киноның бағытымен бірге оған Жұлдыздың күйеуі, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртастың түсуі, түспеуіне қатысты да сұрақтың басы ашық күйінде қалды. Әбдікәрімованың өзі киномен бірге сән әлемінде де өз бағын сынап көргісі келетін айтты. Алайда дизайнермен арада орын алған кикілжің бұл ойының жүзеге асуына кедергі болған. 

Маған көп қыздар жазатын, сіздің киім үлгіңіз ұнайды. Неге өзіңіздің арнайы топтамаңызды шығармасқа деп. Болды, бір дизайнермен жұмыс жасаймыз ба деп келісіп жатқанда арада келіспеушілік болып қалды, сонымен ол жайында қалды. Бірақ, бұйыртса оны болашақта іске асырамын деген ниеттемін”, – дейді ол. 

Жалпы, Жұлдыз үшін кино әлемі таңсық емес. Ол бұған дейін күйеуімен бірге “Арман”  киносына, “Келінжан” телесериалына түскені киносүйер қауым жақсы біледі.