Қайрат Нұртас ұлы жайлы: «Айырылып қаламыз ба деп қорықтым»  — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Қайрат Нұртастың Нарұл, Хан, Алау, Сезім есімді төрт баласы бар. Әнші The Эфир бағдарламасының жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында үлкен ұлының денсаулығына тоқталды. Нарұлдың жүрегіне ота жасалғанда басынан қандай күйді кешіргенін айтып берді, деп жазады Stan.kz

Қайрат Нұртастың балажан, өз отбасын бәрінен де жоғары қоятын әнші екенін қазақстандықтар жақсы біледі. Әр сұхбатында жанұясына алғыс айтудан шаршамайтын хитмен балалары жайлы сөз қозғағанда ерекше толқып кетеді.

Жақында оның үлкен ұлы Нарұлдың жүрегіне ота жасалды. Қайрат Нұртастың сөзінше, баласының өмірі үшін алаңдаған ол қиын-қыстау кезеңде өзін қоярға жер таппаған. 

«Нарұл жақында операциядан шықты. Жүрегіне ота жасатқанымызға төрт-бес ай болып қалды. Қатты қиын болды. Айырылып қаламыз ба деп қорықтық. Алланың қалауымен аман қалғанына қатты қуандық. Сол кезде маған бір ой келді. Мүмкін мен бір жерде бір нәрсені дұрыс емес істеп қойған шығармын деп ойладым. Сондай кездерде біз мешітке жүгіріп кетеміз ғой.

Барлығын басыма берілген сынақ ретінде қабылдадым. Сынаққа шыдау керек. Кей кезде маған істесінші, мені алсыншы деп айтасың. Бірақ сынақты жанды жерден алады екен. Соған көзім жетті. Сынақтың болғаны дұрыс. 

Қазір денсаулығы жақсы. «Жүгіруге саған әлі ерте балам», — деп айтсам да футбол ойнағысы келеді. Болады деумен тырысады. Өзі жас. Жас болғаннан кейін еті өсіп кетті. Дегенмен ата-ана қорқады ғой», — дейді әнші.  

 

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

stan.kz