Қайрат Нұртас: «Тойды көп көрдіңдер, не болды? Күнде өлім болып жатыр»

0

Қазақстанда ең гонорары көп әнші Қайрат Нұртас екі жылға дейін той-томалақтарға тыйым салуға қатысты ұсынысқа өз пікірін білдірді. Әнші күн сайын жаназаларда жолыққаннан гөрі, қуаныштарда бас қосқан артық екенін жеткізді.

«Тойға қарап қалған түгіміз жоқпыз. Бізді көбісі «той әншілері» деп менсінбей жатады ғой. Біз тойға не үшін барамыз? Той — ол қазақтың қазынасы. Сол тойда кездесесің, жақындарыңмен қауышасың. Сол тойды көп көрдіңдер. Не болды соңында? Өліммен бітіп жатыр бәрі. Осы тойды көре алмағандар, арты не болды? Өлім болып жатыр. Қызық емес болып жатыр. Тойға тыйым салуға түбегейлі қарсымын», — деді Қайрат Нұртас.

 

oinet.kz