Қайрат Нұртас сотқа тартылды

0

Қазақстандық әнші Қайрат Нұртас (шын аты-жөні Қайрат Нұртасұлы Айдарбеков) ұсақ бұзақылық жасағаны үшін сотқа тартылды, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Ақпаратты Жоғарғы соттың коммуникация бөлімі растады.

«Астананың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына ӘҚБтК-нің 434-бабы 2-бөлігі («Жыл ішінде қайталап жасалған ұсақ бұзақылық») және ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-1-бөлігі («Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру») бойынша Қ. А-ға қатысты екі материал келіп түсті», — деп пікір берді Tengrinews.kz-ке Жоғарғы Сот.

Көліктегі полиция департаменті, Алматы-Астана рейсінің бортында ұсақ бұзақылық жасау және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа қарау үшін жіберілген.

Сотта қаралатын уақыт туралы қосымша хабарлауға уәде берді.