Home Жаңалықтар Қайрат Нұртас Семейде тойға барды деген күдікке ілінді

Қайрат Нұртас Семейде тойға барды деген күдікке ілінді

0
417
Сурет: instagram.com/kair_n/?hl=ru

Әлеуметтік желілерде отандық әнші Қайрат Нұртастың тойда жүрген сәтінен видео тарады. Алдын ала болжам бойынша видео Семей қаласында түсірілген.

Аталған фактіге сәйкес, ШҚО полиция департаменті оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

«Қазақстандық эстрада әртісіне қатысты материалдар жиналды. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тіркеу орны бойынша процестік шешім қабылдау үшін жолданды», – деді ведомстводағылар. 

Еске салсақ, карантин бұзған бизнес субъектілеріне 230 айлық есептік көрсеткіш айыппұл қарастырылған.