Қайрат Нұртас ертең Қырғызстанда концерт қояды

0

Қайрат Нұртас Қырғыз елінің астанасы Бішкеке қаласында 3 қазан күні концертте өнер көрсетеді. Ерлан Шүгірбеков продюсерлік орталығының 15 жылдығына арналған кеш Э. Кутманалиев атындағы стадионда өтпек. Кештің сыйлы қонағы — Қайрат Нұртас. Кеште Қырғызстанның танымал өнер жұлдыздары да өнер көрсетеді.

Соңғы уақытта елімізде карантин шараларына байланысты концерттік залдар жабық. Ал, Қырғызстанда барлығы ашық, залдарында халық толы күнде концерттік кештер. Естеріңізге сала кетсек, жақында Нұрболат Абдуллин де Бішкек қаласында қонақ болып, кеш қонағы болған еді. Сол кештен кейін Бішкекте концерт берем деген ойы барын да жасырмады.