«Қайрат Нұртас пен Төреғалидың істеп жүргені мазақ» — Ермек Тұрсынов

0

Белгілі қазақстандық режиссер Ермек Тұрсынов бүгінгі қазақ киносына байланысты өз пікірін білдірді. Түсіріліп жатқан туындылардың көбісін арзанқол санайтынын айтты

Режиссер нағыз фильм ретінде «Тақиялы періште», «Атамекен», «Қыз Жібекті» айтуға болатынынн жеткізді.

— «Ал арзанқол фильмнің миллиондап табыс табуы – көрерменнің надандығын көрсетеді. Қоянбаевтың түсіргенін кино деп айтуға болмайды, осыны адамдарға айтып түсіндіру керек. Баян Алакөзова да кітап жазды, бірақ ол әдебиет емес. Нұртас Адамбаев, Нұрлан Қоянбаев, Қайрат Нұртас пен Төреғалидің түсіріп жатқаны кино емес. Кино деп «Тақиялы періште», «Атамекен», «Қыз Жібекті» атауға болады. Ал бұлардың істеп жүргені – мазақ» — дейді Ермек Тұрсынов.

Oinet.kz