Қайрат Нұртас пен Төреғали Төрәліні ЛГБТ қауымдастығының қатарына кірді

0

Қазақстандық ЛГБТ қауымдастығы танымал әншілер Қайрат Нұртас пен Төреғали Төрәліні өз қатарларына қосты. Бұл туралы қауымдастық өздерінің TikTok парақшасында жазды, деп хбарлайды Ulysmedia.kz.

“Біз өзіміздің қатарымызға қосылып отырған адамдар – Қайрош (Қайрат Нұртас) пен Төреғалиды (Төрәлі) құттықтағымыз келеді”, – деді қауымдастық мүшелерінің бірі.

“Сіздердің бір-біріңізге нәзіктік пен махаббат білдіргеніңізге алғыс айтамыз. Біздің қатарымызға қосылғандарыңызға шын жүректен қуаныштымыз. Сіздердің махабаттарыңызға қолдау көрсетеміз”, – деді екінші белсенді.

Еске салсақ, Төрағали Төрәлі мен Қайрат Нұртастың әрекеті бұған дейін әлеуметтік желіге кеңінен тарап кеткен. Кадрлардан әншілердің көлікте отырғанын көруге болады. Осы кезде Қайрат Нұртас Төреғали Төрәліні құшақтап, бетінен сүйіп алады. Екеуі селфиге түсіп жатқаны көрінеді.

Tанымал әншілердің мұндай ерсі әрекеттері желі қолданушыларына ұнамай қалды.