Қайрат Нұртас: Менің қателігім үшін балам жауап бермесе екен — Қазақстан жаңалықтары

0

Қайрат Нұртас үлгілі әкелердің бірі. Әнші отбасын, балаларын көпшілікке көрсеткелі бері халық оның қандай әке екенін біліп жатыр. Бақытты әкенің тілегі жасаған қателіктерінің балаларына кесір болып тимеуі. Осылай деген әншіге оқырмандар түрлі пікірлер қалдырып кетті, деп жазады Stan.kz.

Қайрат Нұртас: Менің қателігім үшін балам жауап бермесе екен

Қайраттың «ең үлкен тілегім, біздің қателігіміз үшін балаларымыз жауап бермесе деймін. Баламның аяғына кірген тікенек, менің жүрегіме қадалады ғой… Алланың сүйген құлы болшы, Ханым» деген сөзі көпшіліктің жүрегін тағы да елжіретті.

Әншінің бұл сөзі әрине оқырмандардың пікірінсіз қалмады. Олардың бірі жақсы тілек деп Қайратты мақтап жатса, екіншілері түзу жүруге кеңес беруде.

«Әкенің ең жақсы тілегі! Дұрыс айтасыз, мен де Алладан ар кез соны сұраймын. Біліп білмей жасаған қателіктерімнің өтеуін өзіме берсе деп тілеймін. Алланың берген жасын жасап, бала шағаның халқыңның қасында осылай ойнап еркелеп жүре бер.

Балалаларыңыз Халал мен Харамды ажырата білсе мықты жігіт болып өседі. Алла иманды ұрпақ нәсіп етсін. Жанұяңыз өте керемет. Әрқашан бақытты болуларуыңызды тілеймін. Құдайдың көзі түзеу болсын. Қайрат ұрпағыңмен мың жаса!», -деген тілектер жазды. 

Алайда, әркез тырнақ астынан кір іздеп отыратындар Қайратқа өзің түзу жүрсең балаңа кесірі тимейді деп, ақыл айтты.

«Неден қорықтың, көп нәрсе жасағансың ау. Сол үшін дұрыс жүру керек. Міндетті түрде ата анасының жасаған қателігі үшін балалары жауап береді. Ата ананың өткен қателігі баласына кесірін тигізеді. Сондықтан, кесірі балаға тимеу үшін ата ана дұрыс жүріп-тұруы керек», — деген пікірлер қалдырған оқырмандар.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

stan.kz