Қайрат Нұртас: Мен Батыстағы ағайынды қолдаймын

0

Қоғам белсенділері мен өнер адамдары Жаңаөзендегі көтеріліске шығып жатқан халықты қолдап, әлеуметтік желілерде түрлі қолдау сөздерін білдіріп жатыр. Танымал әнші Қайрат Нұртас та Instagram желісіндегі парақшасында өз ойын жеткізіп, халықты қолдайтынын жазды, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

«Халық Алланың бір аты, Қазақ халқы өте сабырлы, төзімді, себепсіз көтерілетін халық емес. Дәл қазіргі жағдайда мен Батыстағы ағайынды қолдаймын. Себебі халықтың арасында жүргендіктен, Қайрат Нұртас болып қалыптасуымның себепкері Халықтың мұң-мұқтажын жеткізуге хақым бар. Халықтың тұрмыстық жағдайы төмендеп кетті. Еш өзгеріссіз тұрған айлыққа қарамастан азық-түліктен бастап барлығы қымбат. Халық бар болғаны уайым-қайғысыз өмірді қалайды. Үкімет басшыларынан Халық Алланың Аманаты екенін ұмытпауын сұраймын! Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы тез арада оң шешімін шығарады деп үміттенемін. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!» — деп жазды ол.