Қайрат Нұртас Мальдивке шақыруда

0

Қайрат Нұртас биыл 33 жасқа толған туған күнін жұмақ аралдарында тойлауды ұйғарды – ол жанкүйерлерімен бірге Мальдив аралдарына ұшуды жоспарлаған. Егер Қайратпен және шоу-бизнес өкілдерімен туған күнді атап өткіңіз келсе, Мальдив аралына саяхатты сатып алуыңыз керек.

Мәдина Сәдуақасова Қайраттың туған күні әрқашан өте көңілді болатынын және ол Мальдив аралдарына барғысы келетінін айтты.

«Қайроштың туған күндері әрқашан ерекше. Ал бұл жолы Мальдив аралдарында отты туған күн кеші жоспарланған. Мерекеге шақыру алған соң мен ол жаққа баратыныма 90 пайыз сенімді болдым. Алайда күйеуім жібермеді». “Бармайсың” деді қатал үнмен. Болды!» – деп мойындады Мәдина.