Қайрат Нұртас бостандыққа шықты (видео)

0

Ұшақта төбелес шығарғаны үшін 15 тәулікке қамалған әнші Қайрат Нұртас 20 шілдеге қараған түні бостандыққа шықты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оны ата-анасы Гүлзира Айдарбекова мен Нұртас Айдарбеков күтіп алды. Олар ұлы үшін арнайы Алматыдан келген. Желіде тараған видеодан Айдарбековтердің тұңғышын қатты құшақтап, көз жасына ерік бергенін көруге болады.

Әнші жақындарын көрген соң, бірден көлігіне отырып кетіп қалған. Дегенмен ол өзінің жағдайына қатысты пікір білдіріп үлгерді.

«Денсаулығым бәрі жақсы шүкір. Рақмет», — деп қысқа қайырды өнер иесі. .

Анасы Гүлзира Айдарбекова да қуанышын жасырмады.

«Қуаныштымын. Ешбір ананы баламен сынамасын. Бәрін Аллаға тапсырайық. Бәрі жақсы болсын», — деді продюсер.