«Қайрат» клубының тағы бір бапкері қызметінен кетті — БАҚ — Футбол

0

Алматылық «Қайрат» клубының бапкері Сергей Лабодовский қызметінен кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі KazFootball басылымына сілтеме жасап.

Осылайша, алматылық клуб 2007 жылдан бері жұмыс істеген бапкермен қоштасты. Сергей Лабодовский осы қызметіне дейін «Қайрат» акамедиясында жұмыс істеген.

Басылымның мәліметінше, «Қайраттың» бапкерлік штабынан қазір «Оқжетпес» клубының бас бапкері болып тағайындалған Андрей Карпович, Александр Шатских және Олег Воскобойников кеткен болатын.

Былтыр қараша айының соңында «Қайрат» клубына бас бапкер болып 30 жастағы Алексей Шпилевский тағайындалған еді. Келісімшарт 2,5 жылға жасалған.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz