Қайрат Досаев Тараз қаласының жаңа әкімі болып тағайындалды

0

Жаңа басшы жеке компанияларда және мемлекеттік қызметте жұмыс істеген

НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір – Sputnik. Тараз қаласы әкімі қызметіне Қайрат Досаев тағайындалды, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қайрат Досаев 1965 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар.

Тағы оқыңыз: Назарбаев мақтаған «Мәке» жаңа қызметке тағайындалды

1987 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын инженер-механик, 2007 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін экономист мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1987 жылы «Казсельхозмеханизация» ғылыми-өндірістік бірлестігінің инженері қызметінен бастаған.

1994-1996 жылдары «Алтын диірмен» АҚ инженері, «Дешт» ЖШС директоры болып жұмыс істеген.

Тағы оқыңыз: Тоқаев бірқатар ауыс-түйіс жасады

1996-1998 жылдары Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің бөлім басшысының орынбасары, Алматы қаласы Бостандық ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің сектор меңгерушісі әрі басшысының орынбасары болған.

1998-2001 жылдары Қазақстанның төтенше жағдайлар агенттігі төрағасының көмекшісі, 2001-2007 жылдары Алматы облысы әкімінің көмекшісі, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары, Қаратал ауданының әкімі, Алматы облысының табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау басқармасының басшысы, тарифтер жөніндегі басқарма басшысы, Қазақстан Төтенше жағдайлар министрінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.

2007-2011 жылдары коммерциялық ұйымдарда еңбек етті.

Тағы оқыңыз: Ерлан Қаринге жаңа қызмет ұсынылды

2011-2014 жылдары «Қазспортинвест» АҚ вице-президенті қызметін атқарған.

2014-2017 жылдар аралығында Қордай ауданы әкімі қызметінде болды.

2017 жылдың наурызынан бастап, Шу ауданы әкімі болған.

Еске сала кетсек, Тараз қаласы әкімі қызметін Ғалымжан Әбдірайымов атқарған. Ол жақында Талдықорған қаласы әкімі қызметіне ауысты.



sputniknews.kz