Қайрат Боранбаевтың жиені 4,5 жылға сотталды
19 қазанда Астана соты Әбілхан Боранбаевқа пара беру туралы іс бойынша және пара алушы Дәурен Қазбекке үкім шығарды.
Соттың мәліметінше, Әбілхан Боранбаев Қайрат Боранбаевқа үшінші тұлғалармен телефон арқылы және жеке байланысу, сондай-ақ туған күнін алкогольмен атап өтуіне мүмкіндік бергендері үшін екі адамға 1,6 млн теңге көлемінде пара берген.
Барлық күдіктілер қамауға алынды, бірақ олардың бірі тергеу кезінде қайтыс болды.
Дәурен Қазбек 7 жылға бас бостандығынан айырылды, ал кәсіпкердің жиені 4 жыл 6 айға сотталды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
фото: liter.kz