Қайрат Боранбаевтың тәркіленген мүлкі қайда кетеді? – Қаржы министрі жауап берді

0

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Алматыдағы тәркіленген жер учаскелері және шоттардағы миллиондаған доллардың қайда жұмсалғанына қатысты түсініктеме берді. Сондай-ақ сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың тәркіленген мүлкіне қатысты журналистердің сұрғына жауап берді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Премьер-Министрдің орынбасары және қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев осы мәселермен тікелей айналысатын арнайы компания құрылғанын айтты.

«Шілде айында заңсыз шығарылған активтерді қайтару туралы заң қабылданды. Осы заң аясында біз жақында арнайы компания құрдық. Ол осы процестерді қадағалап, басқарады. Қажет болған жағдайда біз басқаруға береміз немесе сатамыз және ақшаны арнайы шотқа аударамыз», – деп жауап берді Жамаубаев.

Министр  егер бұл әрекет осы заңның аясына жатпайтын болса, онда процессуалдық шешім қабылданып, бұл мүлік мемлекет меншігіне өтетінін айтты. Содан кейін қаржы министрлігі де оны сатып немесе сенімгерлік басқаруға беретінін мәдімдеді.

Сондай-ақ министр аталған активтердің Ұлттық қорға неліктен берілмейтініне қатысты түсінік берді.

«Ұлттық қордың екі функциясы бар: үнемдеу және тұрақтандыру. Қаржы Ұлттық қордан маңызды әлеуметтік-экономикалық жобаларды жүзеге асыруға да бөлінеді. Ал бұл қаражат капиталды қайтару туралы заң аясында да шешуге пайдаланылады. Әлеуметтік-экономикалық мәселелер, сондай-ақ ашық түрде комиссияның шешімімен «Есеп палатасы» да тексере алады. Мен бұл жерде ешқандай проблема көріп тұрған жоқпын. Бұл ақшаның елге оралуы және соған жұмыс істеуі маңызды», – деп толықтырды ол.