Қайрат Боранбаевтың бұрынғы сауда үйінде балалардың музейі ашылатын болды

0

Бұл туралы бүгін Алматы мәслихатының кезектен тыс отырысында Ерболат Досаев мәлім етті

Бизнесмен Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған «Алмалы» сауда үйі енді балалардың Ғылым музейіне айналады. Бұл туралы бүгін қалалық мәслихаттың кезектен тыс отырысында Алматының әкімі Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды Kznews.kz.

«Алматыдағы бұрынғы «Алмалы» сауда орталығының базасында Science Museum Singapore-мен бірлесіп, балаларға арналған ТМД-дағы алғашқы Ғылым музейін ашылады, тиісті жұмыс 2025 жылы ашылады. Бұл мақсатқа қала бюджетінен 12,2 млрд теңге бөлу жоспарланған», — деді Ерболат Досаев.

Еске салсақ, бизнесмен Қайрат Боранбаев, Роман Наханов және Тайыр Жанұзақ «газды импорттауға жұмсалған қаражатты жымқырғаны» үшін сотталған еді. Боранбаев 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Тура бір жыл бұрын ол мерзімінен бұрын босап шыққан.