Қайрат Боранбаев түрмеден шығады

Ақмола облысының соты 6 жылға бас бостандығынан айырылған Қайрат Боранбавтың жазасын жеңілдетті.
Қайрат Боранбаевтың жазасы бас бостандығын шектеуге ауыстырылды.
«Сот «Б.» өтінішін қанағаттандыра отырып, жазаның өтелмеген бөлігін бостандықты шектеуге ауыстырды», – деп хабарладыАқмола облысы Зеренді аудандық соты.
Үкімді ауыстыру кезінде келесі мән-жайлар ескерілді:
– сотталған адам жаза мерзімінің 1/3 бөлігін (2 жыл 4 ай 5 күн) өтеді;
– мемлекетке келтірілген залалды толығымен өтеп, тергеуге көмектесті және ісіне өкінеді;
– қамауда ұстау кезінде оған оң сипаттама берілді.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
ақпарат: Nege.kz
фото: ғаламтордан