Қайрат Боранбаев ресми түрде мемлекетке 35 миллиард теңгеге мұнай компаниясын қайтарды

0

Бұрын Қайрат Боранбаевқа тиесілі Phystech II мұнай компаниясы толығымен мемлекет балансына көшті. Мұны ресми құжаттама растайды.

1 тамызда KASE сайтында жарияланған акционерлер тізілімінен үзінді көшірмеге сәйкес, 1 шілдедегі жағдай бойынша «Phystech II» АҚ Жалғыз акционері — ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті. Компанияның барлығы 18,5 млн акциясы бар, оның ішінде биржада 13 749 100 дана орналастырылған.

Phystech II компаниясы сотталған олигарх Қайрат Боранбаев мемлекетке беру туралы жариялаған алғашқы активтердің бірі болды. Акционерлік қоғам Маңғыстау облысындағы Солтүстік Қаражанбас кен орнында мұнай өндіреді, оның құны 35,5 млрд теңгеге бағаланды. Phystech II-ні олигарх «ҚазТурбоРемонт» холдингтік компаниясы арқылы бақылап отырды.

Фото: Instagram/kairat4