Қайрат Боранбаев мемлекетке «Comfort Hotel Astana» қонақ үйін өз еркімен тапсырды
Қайрат Боранбаевтың компаниясы мемлекеттік мүлік комитетіне құны 1,4 млрд теңгеден асатын «Comfort Hotel Astana» қонақ үй кешенін мемлекетке ерікті түрде беру туралы өтініш берді, деп хабарлады ҚМДБ.
Ауданы 5 мың шаршы метрден асатын кешеннің жылдық айналымы 900 млн теңгеге жуық.
Нысанды оңалту және білім беру орталықтарын ұйымдастырумен әлеуметтік мақсаттарда пайдалану жоспарлануда. Өткен аптада Дариға Назарбаеваның бұрынғы құдасы мемлекетке «Физтех» мұнай компаниясының 100% акциясын берген еді.
фото: www.delfin-tour.kz