«Қайрат ай сайын млн төлеп отыр»: Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз қандай үйде тұратынын айтты
Қазақстандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбдікәрімова мен немерелері қандай үйде тұрып жатқанын айтты. Сөзінше, Қайрат Нұртас бүгінде олардың бар жағдайын жасап отыр, деп жазады Kznews.kz тілшісі.
Айдарбекова Instagram парақшасында күйеуі мен ортаншы ұлының балаларымен ерекше отбасылық видео жариялап, оның астында оқырмандары жолдаған сауалдарға жауап берді. Желі қолданушыларының бірі продюсерден үлкен немерелері жайында жазды.
«Бейнебаянға үлкен немерелерін де түсірсе жақсы болар еді» , — деп жазды оқырман. «Шақырғанбыз, сабақтарынан босай алмай қалды. Жолға түске дейін шығып кеткенбіз. Ортаншы ұлдың балалары әлі мектепке бармайлы ғой», — деп жауап берді Айдарбекова. Оған қоса Қайрат Нұртастың анасы үлкен келіні мен немерелері қандай үйде тұратыны туралы айтты. «Жұлдыз сатып, коттедж алған жоқ па? Біткен жоқ, бітсе кірер.
Оны неге уайымдап отырсыз? Далада жүрген жоқ қой. Әкелері ай сайын пәтерінің өзіне миллион төлеп отыр біткенше. Жағдайлары жасаулы, отбасы қалай жүріп тұрса да ақшасын аяп жатқан жоқ», — деп жазды продюсер. Гүлзира Айдарбекованың Instagram-дағы пікірі. Скриншот: Instagram/gulziraaidarbekova