Қайрат Әділгерей: Аяғымның ақсақтығы үшін театрлар алмады, кастингтерден өтпедім (видео)

0
55

«Әзіл әлемі» театрының белді актері Қайрат Әділгерей «Ең алғашқы» бағдарламасына қонақ болып, ақтарыла сұқбат берді.

Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында оқып жүріп, студент кезінде жол апатына түсіп, ота жасатқан актер бұл жайттың алдағы өмірінде кедергі келтірерін білмеген. Бір аяғы бір аяғынан қысқа, сылтып басатын өнер иесін осы кемістігі үшін драма театр қабырғасына да алмаған, көптеген кастингтерден де тауы шағылып қайтқан.

«Академияда жүргенде дайындақ залында нота дәптерлер тұратын. Бәрі пайдаланады. Бір күні соның ішінен 200 доллар тауып алдым. Студент кезім. Ақшаны алып алдым. Еркебұлан деген досыма айттым. Бірге тұратын едік. Солай пәтерімізді ауыстырдық. Керек-жарағымызды алдық. Бір апта өткенде жол апатына түстім. Аяғымды кесті. Күйзелісте болдым. Кейін ойланып жатып, сол ақшаның иесінің көз жасы емес пе екен деп ойладым.

Ақшаға мұқтаж адамның ақысын жедім бе деп әлі күнг дейін ойланам. Аяғымның кемістігі үшін театрлар алмады. Кино кастингтерден өтсем де, аяғым ақсақ болғаны үшін шақырмады. Сондай кедергілер болды. Өз орнымды дубляждан таптым ба деп ойлаймын. Дубляжда ақсақ болсаң да, басқа болсаң да бәрібір. Даусың жақсы болса, шеберлігің болса болды», – дейді актер.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету