Домой Жаңалықтар «Қайнар-АКБ» зауыты неге тұралап тұр? 

«Қайнар-АКБ» зауыты неге тұралап тұр?

0
63

Жетісу облысындағы ең ірі кәсіпорын «Қайнар-АКБ» ЖШС-на қатысты қазір қылмыстық іс қозғалуда. Оған биылғы 27 сәуірде «Қайнар-АКБ» ЖШС 26.04.2022 жылғы №МКД-05-02-11/7659 Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің серіктестікке қатысты жоспардан тыс салықтық тексеру жүргізуге ұйғарым шығару туралы алдын ала шешімі куә. Дегенмен, қазіргі уақытта бұл айыптың негізсіздігін дәлелдейтін құжаттар облыстық прокуратурада жатса да қылмыстық іс тоқталмаған.

«Зауыт өз тарапынан ешқандай заң бұзған жоқ. Барлық жұмысымыз заң шеңберінде жүріп келеді, тағылған айып ақиқатқа сай емес», — дейді кәсіпорын заңгерлері.

Қазіргі уақытта «Қайнар – АКБ» ЖШС 1975 жылдан жұмыс жасап тұрған зауытқа жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп жатыр.

– «Қайнар-АКБ» ЖШС 100 пайыз жекеменшік кәсіпорын. Құрылтайшылары осы мекмеде жұмыс атқарады. Өткен жылдың сәуір айында Алматы облыстық мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпорынға: «Алаяқтық жолмен мемлекет қаржысын жымқырды» деген негізде іс қозғады. Осындағы алаяқтық деген сөзге талдау жасайтын болсақ, өзімізден ешқандай алаяқтықты байқамадық. Өніміміз сапалы, нарықта сұранысқа ие, оның үстіне өзімізге жүктелген салықты дер кезінде төлеп келеміз»,-деді «Қайнар-АКБ» ЖШС бас директорының орынбасары, қауіпсіздік басқармасының басшысы Шарханбек Іңкәрбеков. Басшының айтуынша ұсталған аккумуляторларды өткізуші жеке кәсіпкерлердің штатта қызметкерлерінің болмауы қылмыстық іс болып табылып отыр дейді. Бірақ заңда ондай бап жоқ.

Айтуларынша үш ай бойы тексеріс жүргізіліп, қылмыстық дәлел табылмаған соң істі тоқтатап, айыпталушы тарапты  қылмыстық істің материалымен таныстырып, түсіндірмеген.

«Қайнар-АКБ» ЖШС өндірген өнім еліміздегі ірі қалаларда сатылады. Ал аккумуляторларды сатып алып, сатумен айналысатын азаматтардың бәрінің жеке кәсіпкерлік куәлігі бар. Оның үстіне олар да салығын төлеп, заңды жұмыс істеп отырғанына сенімдіміз. Сондай-ақ, олар ескі аккумуляторларды зауытқа өткізіп, өнім көлемін ұлғайтуға да септесіп келеді. Зауыт өндірген өнім, қабылдаған шикізат көлемі бойынша белгіленген нормадағы салықты төлеп жүр.

Ендеше, салық жасыру дерегі қалай жүзеге асады? Қазір зауыттан дайын өнімді сатып алып, базарда сататын, көнерген аккумуляторларды зауытқа өткізіп, нәпақа табатын 80-ге жуық жеке кәсіпкер «Қайнар-АКБ» ЖШС-мен сыбайлас деген тұрғыда тергеліпті. Осының салдарынан зауыт жарты жылда 1500 тонна шикізаттан айырылса, көнерген аккумуляторлар өткізіп ақша табатын жеке кәсіпкерлердің уақыты күнде соттың алдында кезек күтумен өтуде. Есесіне, қайта өңдеуді қажет ететін аккумуляторларды Қырғызстан мен Ресейдің зауыттары сатып алып, тасып жатыр.