Қай мамандыққа грант көп бөлінді

0

Қазақстан үкіметі 2019-2020 оқу жылына арналған жоғары білімді мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітті. Үміткерлерге 51 085 грант бөлінді, деп хабарлайды Stan.kz.

grant

Гранттар техникалық және педагогикалық салаға көп бөлінді. Мемлекеттік тапсырыс келесі мамандықтар бойынша бөлінді:

Педагогикалық ғылымдар — 8276;

Өнер — 1615;

Әлеуметтік ғылымдар (журналистика, ақпарат) — 960;

Бизнес — 1223;

Жаратылыстану ғылымдары — 4088;

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар — 5977;

Инженерлік ғылымдар — 15011;

Ауыл шаруашылығы ғылымдары — 1600;

Ветеринарлық медицина — 835;

Қызмет көрсету саласында — 2200;

Дайындық (Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын, қазақ ұлты тұлғалары үшін бөлімдер) — 2450;

«Серпін» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес — 5109;

Басқалар — 1641.

Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, гранттар еліміздің білім беру мекемелері арасында таратылды.

Білім және ғылым министрлігі 2018-2019 оқу жылында 53 594 грант бөлді.

Медициналық мамандықтар үшін мемлекеттік білім беру тапсырысын Денсаулық сақтау министрлігі белгілейді. Болашақ дәрігерлерге арналған гранттар саны кейінірек белгілі болады.

stan.kz