Қадыровтың полкі Украина әскерінен қорқып, қашып кетті

0
2402

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың полкі Украина қарулы күштерінен қорқып, қашып кетті, деп хабарлайды kznews.kz сайты orda.kz порталына сілтеме жасап.

Желіде қашып кеткен әскерилердің видеосы пайда болды. Бұл Қадыров полкінің украин сарбаздарынан қашқан бірінші оқиғасы емес. Бейнероликте Шешенстан басшысы көрнекті әскери жеңісі туралы айтуды ұнататын Қадыров полкі украин жауынгерлерінің атқылауынан қалай жасырынып жатқанын көрсетілген.

Біріншіден, олар елді мекендерден тыс жерде V және Z таңбалары бар көліктердің артында жасырынбақ болады. Бір кезде олар қоршауға қарай жүгіріп, оның үстінен секіріп, өзенге қарай қашады.

Видеоның қай аймақта түсірілгені туралы мәлімет жоқ.

Украиндық сарбаздардың Қадыров полкін қашуға мәжбүрлеуі бірінші рет емес. 15 наурызда Украинаның басқа жерінде олар техникаларынан айрылып қалған болатын.

Қадыровтың «Гостомельде» екеніне мақтанғаны осыған дейін хабарланған болатын. Алайда журналистер оның өтірік екенін әшкереледі: Шешенстан басшысының айтуынша, ол Киев маңындағы шешен арнайы жасақтарын тексеріп жатқан. Дегенмен осы уақытта Қадыровтың екі телефоны да оның Грозныйда екенін көрсетіп тұрды.